Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байқоңыр қаласында Путинді қолдау мақсатында акция өтті

"Роскосмос" директоры Дмитрий Рогозин Байқоңыр қаласында Путинді және Украина жерінде өтіп жатқан арнайы операцияны қолдау мақсатында акция өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Байқоңыр

Путинді қолдау акциясы 9 наурызда өткен. Рогозиннің сөзінше, акцияны қала әкімшілігі мен “Роскосмостың” жерүсті ғарыш инфрақұрылымдарын тасымалдау орталығы ұйымдастырған. 

"Бүгін таңертең қалада және Байқоңыр космодромында Ресей президенті Владимир Путинді және Ресей қарулы күштерін қолдау мақсатында акция өтті", – деп жазды ол өзінің Twitter-дегі парақшасында. 

Рогозин акцияға "Байқоңыр болашағы" жастар қозғалысының қатысқанын айтты. Сондай-ақ қаңтардағы толқулар кезінде Байқоңыр Ресей әскерилерінің арқасында тұрақтылық орталығына айналғанын мәлімдеді. 

"Байқоңыр болашағы" жастар қозғалысының мүшелері. Еске салайын, Қазақстандағы жаппай толқулар кезінде "Роскосмос" ұжымы, қала әкімшілігі мен ресейлік ҰҚШҰ бітімгерлерінің арқасында Байқоңыр тұтастық пен қауіпсіздік аймағына айналды", – деп жазды ол. 

"Роскосмос" директоры жариялаған суреттерден көліктер мен адамдардың жиналып, "Z" және "V" белгілерін түзгенін көруге болады. Мұндай белгілер Украинадағы Ресей әскери техникаларында да бейнеленген. 

Талқылау