Байқоңыр ғарыш айлағына заңсыз кіріп кеткен үш шетелдік азамат ұсталды
Сейсенбі күні үш еуропалық азамат ғарыш айлағына заңсыз кіріп, Байқоңырдың монтаждау және жанармай құю кешеніне дейін жеткен. Оларды патрульдік полиция қызметкерлері байқап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: flickr.com/nasahqphoto
Ұсталғандардың екеуі 25 және 29 жастағы Нидерланд азаматы, енді біреуі 26 жастағы Бельгия азаматы. Шетел азаматтарының ғарыш айлағына еш қатысы жоқ және Бойқоңырға кіруге мүмкіндік беретін рұқсат қағаздары да жоқ болып шықты.
Полицейлер еуропалықтардың ғарыш айлағына қалай, қайда және қандай мақсатпен кіргенін анықтап жатыр. Олардың тыңшылыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
“Шетелдіктер әзірге нысанға рұқсатсыз кіргені үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды”, – деп жазды арна.
Бұған дейін франциялық турист Байқоңыр ғарыш айлағының маңында шөлдеп, көз жұмған еді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті