Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байбек қаза тапқандардың отбасына 15 млн теңгеден көмек көрсетілетінін айтты (видео)

Алматыда атыс салдарынан қаза тапқандардың отбасына 15 млн. теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Бұл ақпаратты Алматы қаласының әкімдігі растады.

555

Фото: Today.kz

Естеріңізге сала кетелік, бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына келіп, кеше атыс салдарынан зардап шеккендердің хал-жайын білген болатын.

3ac52b611de1073617326b9213b06a7a

Фото: bnews.kz

“Біз қазір мына ауруханаға келдік. Кейін, екінші ауруханаға барамыз. Бүгін қаза тапқан адамдардың отбасына барып, көңіл айтамыз. Қазір дәрігерлер жарақат алғандардың өмірін аман алып қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр.

c34ef89bdd755fdfc6e22aca5d5f0e9d

Үш полиция қызметкері өте ауыр халде жатыр. Қазір жергілікті дәрігерлерге әскери хирургия саласының мамандары көмектесіп жатыр. Олар дұрыс медициналық шаралар қолданылып жатқандығын айтты. Тағы бір зардап шеккен екі адамның халі тұрақталып келеді”, – деді өз сөзінде Б. Байбек.

e95e6e9b68c4978e3a529130e0ecc142

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Талқылау