Есентаева: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорыққандықтан ажыраспай келдім
Баян Есентаева қыз баласының болашағына отбасындағы тәрбиенің әсері мол екенін айтты. Мұнымен қатар, көп жылдан бері не себепті ажыраспай келгенін тілге тиек етті.
Бұл туралы 365info арнасына берген сұхбатында айтты.
«Тәрбие отбасынан басталады. Кез келген кішкене қыз – біреудің болашақ жары. Менің басымнан өткен оқиғадан кейін бір нәрсеге таңғалдым. Мені қоршаған адамдар, тіпті, жақындарым мен құрбыларым, кейінгілерінің құрбылары тұрмыста зорлық-зомбылық көріп жүргендерін айта бастады. Ұзақ жылдан бері мұны бір-бірімізден жасырып келгенбіз. Оларды аяусыз ұрады екен.
Бір қарағанда, сырттай мінсіз отбасы болып көрінеді. Ажыраспай ары қарай өмір сүре береді. Шын мәнінде, әйелдер мұнымен қалай күресу керектігін білмейді. Олар өте әлсіз. Менің жағдайыма келер болсақ, мен баяғыда-ақ тұрып кетіп қалатын едім. Бірақ көп жыл бойы бұған батылым бармады. Себебі, бұдан кейін не болатынын білмедім, қорықтым. Ал жалғыз қалып, ары қарай дамудан ешқашан қорыққан емеспін. Мен тек тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорықтым», – дейді Баян Есентаева.
Жіберіп алмаңыз:
“Қазақ аруы-2012” арманындағы үйін салғанын айтып сүйінші сұрады
Бурак Өзчивит “Өшпес махаббат” телехикаясының 8 бөлімі қалғанын айтты