Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева: Шоу-бизнесте тоқалдар көп

Танымал продюсер Баян Есентаева күйеуіне опасыздық жасағанын тағы да бір рет мойындады. Ол Тұрсынғали Алагөзовке ғашық болып қалғанын, сондықтан жүрегіне әмір жүргізе алмағанын айтты деп жазды,-365info сайты.

баян максаткызы 200417

365info-ға берген сұхбатында Баян Мақсатқызы шоу-бизнесте тоқалдардың көп екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, түбінде ер адам сұлулығымен ақылдылығын ұштастыра білген, яғни үздік әйелді таңдайды. Бұл ретте оның бірінші не екінші әйел болуы маңызсыз.

“Иә, мен күйеуімнің көзіне шөп салдым. Шоу-бизнесте алдымен тоқал, ал кейіннен сол сүйген ер адамының заңды жұбайы болғандар көп. Оларды танимын. Ер адам әркез тек үздігін таңдайды.

Басқа әйелдердің не іздейтінін білмеймін. Тек өзім үшін жауап бере аламын. Мен ешқашан біреудің жеке өміріне қол сұғып немесе ол үшін біреуді айыптаған емеспін. Себебі, біріншіден ол менің шаруам емес”, – деп түсіндірді продюсер.

Бақытбек Есентаевпен 22 жыл некеде болған Баян Есентаева бұрынғы махаббатын “қатерлі” деп атады.

“Мен 22 жыл некеде болдым. 2 не 12 жыл тұратын адамдар да бар. Ол дегеніңіз тұтас бір өмір. Бұл – мен алғашқы некеме жұмсаған өмірімнің үлкен бөлігі. Мен Турсенды кездестірген кезде… Бұл – махаббат. Ал махаббатта ереже, шектеу жоқ. Және табиғатыңнан қанша ақылды болсаң да, махаббатта ақылға уақыт табылмайды. Ал табиғат маған ақыл берген. Бірақ бір уақытта ол ақылың жұмыс істемейді. Сен өзіңмен не болып жатқанын түсінбейсің. Құдды сені теңіз толқыны орап әкеткендей болады. Яғни ол толқынның сені қай жағаға апарып шығаратынын білмейсің. Сен тұншығып қалуың да, аман есен жағаға шығуың да мүмкін.

Махаббат әртүрлі болады. Өзіме келетін болсам, менің алғашқы некем – қатерлі неке болды. Ал оның аяқталуы – жазмыш”, – деді Баян Мақсатқызы.

 

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы мен Динара Сәтжан су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсетпек (видео)

Жұбайы Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығы туралы айтты

Эфирге қатысқан заңгер “Әйел бақыты” бағдарламасын “рейтинг қуған” деп айыптады (видео)

Енді қазақстандықтар Димашты тек ғаламтордан көруі мүмкін

 

Талқылау