Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева: Мен патриотпын. Тойымды Алматыда жасаймын

Баян Есентаева үйлену тойын шетелде емес, Алматы қаласында жасайтынын айтты.

8604TIZER_IMG_964

Бұл туралы КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасында айтылды.

Күні кеше Баян Есентаеваның қалыңдың көйлегімен түскен суреті ғаламторды шулатты. Жұрт тойдың жақындап қалғанын айтты. Ал продюсердің өзі той туралы сөз қозғаудан бас тартты. Тек тойының Алматы қаласында болатынын тілге тиек етті.

«Маған тойға қатысты сұрақ жиі қойылады. Той жасаған соң, дүркіретіп жасау керек. Үйлену тойы да сіздер үшін тосын сый болып қала берсін. Бұл туралы әңгіме қозғағым келмейді. Тек менің тойымның басқа тойлардан ерекше болатыны анық. Мен негізі патриотпын. Сол себепті, тойымды шетелде емес, Алматыда жасаймын. Күтіңіздер», – дейді Баян Есентаева.

Ұзын құлаққа сенсек, неке қию рәсімі күз мезгіліне жоспарланған.


Жіберіп алмаңыз:

Жанар Дұғалова тамағына ота жасату үшін Ресейге аттанды

Жандарбек Бұлғақов грузиндерге шикі қазыны қалай жегізгенін айтып берді

Асхат Тарғын жас келіншегімен бірге бал айына аттанды (фото)

Динара Қырықбаева желідегі қыздың тілін «қысқартуға» уәде етті

Талқылау