Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева 31 жасында ашқан алғашқы бизнесі туралы айтты

Баян Есентаева өзінің 31 жасында ашқан алғашқы бизнесі туралы айтып берді. Ол KeshYou тобының бесінші жылынан бастап қана табыс көре бастаған екен.

0лопе

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«20 жыл атыңды шығару үшін жұмыс істейсің. Артынша осы танымалдылығыңның арқасында табысқа кенелесің. Кез келген адам зейнетақы, кәрілік және немерелер туралы ойлана бастайды. Біз үнемі сахнада шығып, қартаймай жүре алмаймыз. Оның үстіне адамдардың барлығы дерлік бизнесін ашуға талпына бастайды. Бірінің қолынан келсе, енді екіншілері сәтсіздікке ұшырайды.

Танымалдылығыңның бизнес ашуда көмектескені жақсы. Мысалы, Айдана Меденова осы күнге дейін екі сұлулық салонын ашты. Менің алғашқы бизнесім – KeshYou тобы. Бірақ, мұны бизнес деп атауға да келмейтін шығар. Жасырудың қажеті жоқ. Біз аталған топтан табыс көріп отырмыз. Ал бұған жету үшін біз төрт жыл бойы ақша жұмсаумен болдық. Бесінші жылдан кейін ғана топ бізге жемісін жегізе бастады. Осылайша алғашқы бизнесімді 31 жасымда ашқан екенмін», – дейді Баян Есентаева.

Мұнымен қатар, Баян Есентаеваның Алматының төрінде орналасқан мейрамханасы бар. Бұл мейрамхана үш серіктеске тиесілі екен.


Жіберіп алмаңыз:

Аша мен Арман балаларға арналған сусын сатып жүр

Жадо: Нан зауытын ашқым келеді

Димаштың әкесі: Қайрат пен Төреғали қазақ тілінің дамуына үлкен себепкер болып отыр

Анасы: Димаш өте сабырлы. Тіпті, бізге басу айтады

Талқылау