Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша мен Арман балаларға арналған сусын сатып жүр

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев балалардың денсаулығына пайдалы сусындар сатып жүр. Десе де, жұлдызды жұп мұны пайда табу мақсатында жасамағандарын айтып жатыр.

0фыц

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Арман екеуіміз де, досымыз Әрсен де бұл салаға ақша құйды. Яғни біз доспыз әрі серіктестерміз. Қанша құйғанымызды нақты айта алмаймыз. Бірақ, аз кеткен жоқ», – дейді Аша Матай. Ал тележүргізушінің жолдасы аталған өнімнің сапасына тоқталды. Оның еліміздегі барлық тексеруден сәтті өткенін растады.

«Ақшаны бірігіп құюымызға тура келді. Себебі, мұндай істі бастау үшін кішкене қаражат жетіспейді. Бұл өнім Ресей мен Жапония шекарасындағы өзенде өсетін балдырдан жасалатын өнім. Сол жерде Ресейге танымал профессор бар. Есімін дәл қазір ұмытып тұрмын. Сол кісі жасайды. Оның үстіне өнім Қазақстандағы барлық тексеруден өтті. Қолжетімді бағада сатылып жатыр. Бұл жерде бизнестің қуанышы мен қайғысын бірге көргелі отырмыз. Мақсатымыз – баю емес, қайырымдылық. Бүгін жағдайы жоқ отбасыларға өзіміздің өнімімізді тегін береміз», – дейді Арман Қоңырбаев.


Жіберіп алмаңыз:

Жадо: Нан зауытын ашқым келеді

Димаштың әкесі: Қайрат пен Төреғали қазақ тілінің дамуына үлкен себепкер болып отыр

Анасы: Димаш өте сабырлы. Тіпті, бізге басу айтады

Қанат Айтбаев: “Димашты бағаламаған едік” деп айтпаңыздар

Талқылау