Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алагөзова KeshYou-ліктердің ешуақытта жанды дауыста ән айтып көрмегенін мойындады

Әрдайым креативімен көзге түсетін KeshYou тобының кезекті бейнебаяны қызу талқыға түсіп жатыр. Тыңдарманның басым бөлігі тректі той әніне балауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап.

Баян АлагөзоваСурет: instagram.com/bayanmaxatkyzy/?hl=ru 

«Бұл бейнебаянды әніне сай таспаладық. Ырғақты әуен, жарқын түстер, қысқасы көңіл көтеретін туынды. Сюжеті қалжыңға құрылған», - деді продюсер. 

Сондай-ақ, Баян Мақсатқызы топтың қазіргі құрамына қатысты да өз ойын ортаға салды. Продюсердің пікірінше, топтағы қыздардың бұрынғыға қарағанда вокалдық қабілеттері әлдеқайда жоғары. 

«Біздің топта әрдайым екі қыз әнді жақсы айтса, бірі айта алмайтын немесе керісінше болатын. Мұны жасырмаймын. Алайда қазіргі құрам вокалдық жағынан топ тарихындағы ең мықтылары», - деп шындықты бөлісті Баян Алагөзова. 

Кәмшат Жолдыбаева, Жанар Дұғалова, Айдана Меденова, Мөлдір Әуелбековалар да дәл осы топтан түлеп ұшқан еді. Алагөзованың айтуынша, экс KeshYou-тер ешуақытта жанды дауыста ән айтып көрмеген. 

«Қазіргі қыздар топ тарихындағы жанды дауыста айтатын алғашқы құрам. Бұған дейін ондай болмайтын. Сондықтан техникалық жағынан мүмкіндік болса, біз әрдайым жанды дауыста ән шырқауға тырысамыз», - деді Мақсатқызы. 

Осылайша қарамағындағы қыздарға үлкен сенім артқан Мақсатқызы болашақта ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайын. 

Талқылау