Батыс Қазақстан облысында үш автокөлік соқтығысып, екі адам ажал құшты

Ақтөбе – Астрахань тасжолында үш көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы сегіз адам жарақат алды. Жеңіл көліктердің бірі өртеніп кеткен, ал мыжылып қалған көлік бөлшектері жол бойына шашылып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жылдам тарады. DAF жүк көлігі мен екі Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан. Жеңіл көліктердің бірі бірден өртеніп кеткен. Көліктің шанағы қатты мыжылып, бөлшектері ондаған метрге дейін шашылып кеткен.
Соқтығысудан кейін жүк көлігі жолдан шығып кетіп, жол жиегіне аударылып қалды.
Полицияның мәліметінше, бастапқыда апаттан 10 адамның зардап шеккені хабарланған. Алайда олардың екеуі дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған. Қалғандары шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Оқыңыз“Алдын ала мәліметтер бойынша, DAF жүк көлігі мен екі Toyota Camry жеңіл автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған. Апат салдарынан Toyota автокөліктерінің бірі өртеніп кетті. Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”, – дейді Ақтөбе облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Айбек Орашаев.
Шәйнектегі қақтың бүйректе тас жинайтыны қаншалықты рас: Мамандар жауап берді