Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бірқатар электронды құрылғылар 2030 жылға дейін құн салығынан босатылады

құрылғы
Фото: magnific.com

Қазақстанда ноутбуктер, серверлер, чиптер және басқа да электронды құрылғыларды импорттау 2030 жылға дейін қосылған құн салығынан босатылды. Мұны Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елімізде кейбір тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босататын тауарлар тізімі бекітілді. Бұл жеңілдік 2030 жылға дейін қолданылады. Тізімге компьютер, ноутбук, сервер, микропроцессор, деректерді сақтау құрылғылары, монитор, проекторр және жартылай өткізгіштер өндіруге арналған жабдықтар енгізілді.

Тиісті құжатқа премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қол қойды. Құжатқа сәйкес, жеңілдік дайын есептеу техникасына ғана емес, олардың құрамдас бөлшектеріне де қолданылады.

Тізімнің жеке бөлімі жартылай өткізгіш құрылғылар мен интегралды схемаларды өндіруге арналған жабдықтарға қатысты. Жеңілдік жартылай өткізгіш пластиналарды өңдеуге және тазартуға арналған станоктар мен қондырғыларға, кремний материалдарына сурет салуға арналған жабдықтарға, микросхемалар өндірісінде қолданылатын басқа да құрылғыларға арналады.

Сонымен қатар заманауи микропроцессорларды, электронды модульдерді, навигациялық жабдықтарды және мамандандырылған электронды құрылғыларды импорттау да қосылған құн салығынан босатылады. Олардың қатарында радионавигациялық қабылдағыштар, қашықтан басқару аппаратурасы, телевизиялық жабдықтар мен кейбір теледидарлар, проекторлар және электронды сөздік-аудармашылар бар.

Айта кетейік, бұған дейін ҚҚС-ның өсуіне байланысты “Қазақтелекомның” байланыс қызметтері қымбаттағаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 10 Маусым, 2026 11:35