ҚҚС-ның өсуіне байланысты “Қазақтелекомның” байланыс қызметтері қымбаттады

Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесінің өсуіне байланысты “Қазақтелекомның” байланыс қызметтері қымбаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазақтелеком” абоненттері байланыс қызметтері үшін бұрынғыдан көбірек төлеуге мәжбүр болады. Компания мәліметінше, тарифтер өзгеріссіз қалғанымен, қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесінің жоғарылауы бағаға әсер етеді.
Оператор байланыс қызметтеріне арналған тарифтердің ҚҚС-сыз бекітілгенін және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгермегенін хабарлады.
Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте қай орында екені белгілі болды
“Төлем сомасының өзгеруі Қазақстанда қосылған құн салығы мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға өсуіне ғана байланысты. Бұл компания тарапынан тарифтің өзгеруі болып саналмайды, ҚҚС-сыз тариф құны бұрынғы деңгейде қалды. Келісімшарттық тарифтер заңды және абоненттің ерікті таңдауы”, – делінген жауапта.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар мобильді интернеттің нашарлағанын айтып, дабыл қаққан еді.
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты
Дарья да кинотеатрға баруды әлдеқашан қойғанын айтып, көрермендердің мәдениетіне шағымданды