Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелін темір балдақпен зорлаған
Жантүршігерлік жағдай Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде болған. Мас ер адам алдымен әйелін ұрып, сосын темір балдақпен зорлаған. Әйел ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап.

"39 жастағы әйел көп қан жоғалтқан. Тік ішектің бұлшық еттері мен тамырлары жыртылған. Оңалту үшін ұзақ уақыт керек. Қазір өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды", – деп хабарлады аудандық ауруханада.
Зардап шеккен әйел күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартқан.
Оқиғаны БҚО полиция департаменті растады. Ведомство мәліметіне сәйкес, Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазір ер адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген