Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғынын бір жылға жуық уақыт балағаттап келген әйел сотталды
Батыс Қазақстан облысында әйел ауыл тұрғынын балағаттағаны үшін істі болды. Жәбірленушінің айтуынша, әйел өзін бір жылға жуық уақыт түрлі сөздермен балағаттап келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Іс Текелі аудандық сотында қаралды. Материалдарға сәйкес, мас күйде болған әйел дүкенде ауыл тұрғынын балағаттаған.
"Жәбірленуші айыпталушының мұндай әрекетке бір жыл ішінде бірнеше барғанын айтады және осы уақыт аралығында оны кешіріп келген. Алайла тәртіп бұзушы өзінің саңсыз әрекеттерін тоқтатпаған. Осы себепті жәбірленуші оған қатысты жаза тағайындауды сұрайды", – деді БҚО сотының баспасөз қызметіндегілер.
Айыпталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Сот шешіміне сәйкес құқық бұзушыға айыппұл салынды. "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 5 АЕК – 15 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған