Батыр Жүкембаев 19 нокауты бар украиналық боксшымен жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) 19 нокауты бар украиналық Иван Редкачқа қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Eye of the Tiger
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды. Отандасымыз 22 мамыр күні, АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы “жексұрын” лақап атымен танылған украиналық Иван Редкач (24-6-1, 19 КО) болмақ. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Редкач Жүкембаевтың мансабындағы ең қиын қарсыластардың бірі ретінде саналады.
Айта кетейік, Жүкембаев соңғы жекпе-жегінде франциялық Мохамед Мимунды (23-6, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBA Continental North Americas белбеуін қорғап қалған еді.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады

