Соңғы жаңалықтар

"Бастысы әркімнің қойнына кірген жоқпын": 6 рет тұрмыста болған әйел жансырын ақтарды

Ажырасу қоғамның дертіне айналғалы қашан. Тағдырдың жазғанына көніп, тірлігін жалғастырып жүргендер, қайта отбасын құрып бақытқа кенелгендер де кездесіп жатады. Айрандай ұйып отырған отбасының ажырауы, әсіресе әйел адамдарға ауыр тиері сөзсіз. 6 рет тұрмыс құрған кейіпкер өзінің тағдырлы өмірін, басынан кешкен қиындықтары мен сол арқылы қалыптасқан құндылықтары туралы баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" басылымына сілтеме жасап. 

ажырасқан

«45 жастамын. Екі баланың анасымын. Базарда саудагер болып жүргеніме 30 жылдан асты. Отбасында үйдің екінші қызы болдым. Кішкентайымнан әпкеме көмектесіп, базарға шығып кеттім. Әкеміз аурушаң адам еді. Анамыз кішкентай сіңліміз дүниеге келген кезде өмірден өтті», - деп бастады әңгімесін кейіпкер. 

Ол бауырларын жетілдірем деп әпкесімен бірге жастайынан жұмысқа кіріскен. Өмірдің қиындығы тек материалдық проблемамен шектеліп жүргенде, 18 жасында өзінен әлдеқайда ересек адам алып қашады. Тағдырыма көндім деп, отбасылық өмірін жалғастырып жүре берер ме еді, егер аяғы ауыр бола тұрып күйеуі сабамаса. Денсаулығы нашарлап, ауруханаға түседі. Әпкесі оның мүшкіл халін көріп, үйге алып кетеді. Бірінші ажырасу осылай болған еді.

«Араға екі жыл салып тағы да тұрмыс құрдым. Бұл жолы сондай жақсы адам кезікті. Жанымды түсінетін, мені құрметтейтін адам еді. Көлік апатынан әйелі мен баласы қайтыс болған соң бес жыл бойына отбасын құрмаған екен. Бір-бірімізді таныған соң бірден үйленуге шешім қабылдадық. Үйлендік. Неге осындай адамдар өмірден ерте кетіп қалады екен? Отбасын құрғанымызға жыл толмай ол кісі жол апатынан қаза болды. Осылайша өмір мені тағы да күтпеген жерден сынады», - деп әңгімесін әрмен қарай жалғастырды әйел.

Өмірдің көлеңкелі сәті кетіп, күн шыққандай көрінгенімен үшінші рет тұрмысқа шыққан азаматы қайтыс болады. Арада депрессияға ұшырап, басы қатып жүреді. Біраз уақыт өткен соң өзіне тағдыры ұқсас ажырасқан адаммен төртінші рет тұрмыс құрады. Бірақ оның да соңы ішкілікке салынып таяқ жеумен тынған соң, тағы да ажырасады.

Төрт рет ажырасқан деген елдің сөзінен шаршап, Алматыға кетеді. Бұл жақта да базарда жұмыс істейді, мұнда жүріп бесінші жолдасына кездеседі. Өмірінде алғаш рет сәби сүйіп, әйел бақытына жетеді. Бұл жары да қайтыс болады. Алтыншы рет отбасын құрып, ұлды болады. Тағы да ішкілікке салынған адамды көріп, ажырасады. Енді ешқашан тұрмысқа шықпаймын деп өзіне сөз береді.

«Мен ұлы да қызы да бар бақытты анамын. Бастысы әркімнің қойнына кірген жоқпын. Өмірде кездескен жандармен некеде болдым. Күнә жасамадым. Маған берілген сынақ осы болса, сынбай келе жатуым мықтылығым деп білемін. Бірақ, адамдар өз бастарына түспей өзгені түсінбейді», - деп ішкі шерін тарқатты кейіпкеріміз.

Қандай жағдай болмасын, өзге адамның өміріне үкім шығарар ешкім жоқ екенін есте ұстағанымыз жөн. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тасмағамбетов қызметінен кетуге дайындалып жатыр — дереккөзі

Бүгін Иманғали Нұрғалиұлы 63 жасқа толды

Қазақстан әнұраны шырқалғанда Ангела Меркель орнынан тұрмады

Мұндай жағдай Германия тарихында алғаш рет болып тұр

«Төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті»: Балқашта 7 жасар қыз өзіне ер адамның қалай тиіскенін айтып берді

"Қыз зар еңіреп жылады, зорлады деп айқайлады"

Гинеколог көзілдірігіне жасырын камера орнатып әйелдерді түсіріп келген

Полицейлер құрбандарының қатысуымен болған 100-ден астам эротикалық жазбалар жинағын тапты

Церебральды сал ауруымен ауыратын жасөспірім қаза болған анасының жанында бір апта өлім аузында жатқан

Көмекке шақырып, айқайлап ұзақ жатқан

Шындыққа айналған қалжың: Ақтау азаматтарын педофил деп айыптауда

Жөтелді өз бетінше емдемек болған әйелдің аяқ-қолын кесіп тастады

Әйелдің ішкі ағзалары жұмыс істемей қалды

Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы опера әншісінің шығармашылығымен алғашқы танысқан кезін айтты

Туркістан облысында құрдасын басынан пышақтаған оқушы ұсталды

Зардап шеккен оқушы ауыр халде жатыр

Жасөспірім ауру баланың есебінен 790 мың теңге шығарып алған

Эектронды сілтеменің көмегімен жеке ақпаратқа ие болған
Çàãðóçêà...