"Бастарынан ұрып, йогурт құйған": Иранда дүкенге шашын жайып келген екі әйел ұсталды
Иранда шашын жайып дүкенге келген екі әйелдің басына белгісіз ер адам йогурт төгіп, ұрып, шабуылдаған. Полиция орамалсыз жүрген әйелдерді қамауға алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Желіде тараған бейнебақылау камерасында әйелдер дүкен кассасында қызмет көрсетуді күтіп тұрған. Сол кезде қасынан өтіп бара жатқан ер адам олармен ұрсыса бастайды. Жанжалдан соң сөреден йогурт алып, әйелдердің басынан ұрып, үстіне құйып жіберген. Содан кейін сатушы шабуылдаушыны дүкеннен шығарып жібереді.
Мизан сот ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранда заңсыз шаш жайып, көпшілік алдына шыққан екі әйел ұсталды. Дүкен иесіне заңның орындалуы үшін қажетті ескертулер беріліп, тыныштықты бұзғаны үшін ер адам да қамауға алынған.
Заң Ирандағы әйелдерге шаш жайып, көпшілік алдына шығуға тыйым салғанымен, ірі қалалардың көпшілігі бұл ережені сақтамай отыр.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген