"Бассыздық па, әлде батылдық па?": 45 көлік бірден суға батып кетті (видео)
Ресейдегі Приморский ауданында 45 көлік бірден суға батты, деп деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көліктердің жаппай мұздың астына кетуі түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазбада кейбір жүргізушілердің өздерінің темір тұлпарларын су құрсауынан құтқаруға тырысып жатқандығы байқалады.
Ресейдің ТЖ министрлігінің өкілдері суға 45 көлік батып кеткендігін мәлімдеді. Оқиғаның салдарынан ешкім зардап шекпеді.
"Бассыздық па, әлде батылдық па?"- деп жазыпты желі қолданушылары оқиғаны күлкіге айналдырып.
Дегенмен көлік иелерінің күлетін уақыт жоқ көрінеді. Олар темір тұлпарларын өз күштерімен шығарып, тырысып бағуда.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады