"Бассейнге көйлекпен түстім": Мадина Сәдуақасова шетелдегі демалысын көрсетті
Танымал әнші Мадина Сәдуақасова жаңа жылдан кейін шетелге демалысқа аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Скриншот: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/
Ол жеке парақшасының stories бөліміне демалыстағы ең қызық сәттерімен бөлісті.
“Таиланд-Пхукет елінде жүрміз. Қонақ үйге тоқтадық. Бұл қонақ үйдің ерекшелігі – айналасы бірнеше шақырымға созылған бассейн. Судың үстінде неше түрлі бар мен мейрамханалар бар. Ең қызығы, күнде сағат 15.00-де қайықпен жүріп кокос таратады. Әнуар қайықтағы сатушының тұрақты тұтынушысы болып алды. Мені де қызықтырып, көйлекпен бассейнге күмп еттім. “Көйлекпен неғып жүрсің бассейнде” деп сұрасаңызшы”, – деп жазды әнші.
Өнер иесінің оқырмандары демалыстың керемет өтуін тілеп жатыр. Енді бірін жазба соңында сөйлем ойландырып қойған. “Көйлекпен түссе не болады екен”, “неге олай жазған” деп сұрап жатыр. “Мадина купальникпен суға түскені үшін елден сөз естіген, сол үшін көйлекпен түсті” деп түсіндірді бір оқырманы. “Бұл бай болғасын түрлі жерге барады, кедей халық не істемек керек”, “Тіл-көзден абай болыңыз, көп дүниемен мақтана бермеңіз” деп жазып жатыр жанашыр оқырмандары.