Баспалдақта отырып тамашалады: Финляндия президентінің қарапайымдылығы жұртты сүйсіндірді
Twitter желісінде Minna Holopainen есімімен тіркелген қолданушы Финляндия президентінің жүректі елжіретер суретін бөлісті. Көпшілік оның қарапайымдылығына қайран қалғанын жазып жатыр. Бұл оқиғаға тура бір жыл өтсе де, президенттің бұл әрекеті әлі күнге дейін әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылы қазан айында өзінің әйелі, жазушы әрі қоғам қайраткері Йенн Хаукионы тыңдау үшін кітап жәрмеңкесіне келген. Алайда Саулиге орын қалмай қалып, ол баспалдаққа отырады.
Десе де, Минна президенттің жұрт айтып жатқандай тым қарапайым еместігін де жасырмады. Суреттен Ниинистенің қарапайым тұрғыннан ажырату қиын күзетшісі отырғанын көруге болады. Ал екіншісі сурет түсірілген жерге жайғасқан.
Бұл президенттің алғаш рет халықтан шыққан азамат екенін көрсетуі емес. Ол осы күнге дейін де түрлі әрекетімен халық аузында жүрді.
2018 жылдың сәуір айында саймендік итбалықтарды өзі санап шықты. Сондай-ақ, Владимир Путин және Дональд Трамппен кездескеннен кейін Саули көмекшілерімен бірге жақын маңдағы барлардың біріне демалуға барды.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген