Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогында топтан шыға алмады
Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия кубогы-2025 жарысында топтық кезеңнен әрі аспады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/nbfkz
Топтық кезеңнің соңғы ойынында отандастарымыз Иран құрамасына ірі есеппен жеңілді – 45:88.
Осылайша топта төртінші орын алып, плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айрылды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Иран, Катар, Үндістан командаларымен Е тобында өнер көрсетті. Топтық кезеңде ұлттық құрама жігіттері 6 ойынның төртеуінде жеңіліп, екі ойында жеңіске жетті. Алғашында Үндістан мен Катарды жеңген баскетболшыларымыз кейінгі 4 ойын қатарынан жеңілді.
Соңғы рет Қазақстан құрамасы баскетболдан Азия кубогында 2011 жылы топтан шыға алмаған еді.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады

