Төрт жасар бала көлік терезесін жауып қалып көз жұмды
Ресейдің Ставрополь өлкесінде әкесінің көлігінде ойнап жүрген төрт жасар бала басын терезеге қысып көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетінің аймақтық департаменті мәлімдеді.
Бүлдіршін басқа балалармен ойнап жүріп әкесінің көлігінің артқы орындығына отырып алған. Ол терезеден басын шығарған сәтінде терезенің басқару түймесін байқамай басқан. Басы қысылған бұлдіршін түймені қайта баса алмаған.
Кейін Балалар ауруханасының жансақтау бөліміне дереу жеткізілген бала есін жимастан көз жұмды.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ