Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа ұлтты мазақ етсе, халықаралық наразылық болар еді": Британдық әйел Боратқа қарсы петиция бастады

Желі қолданушылары британдық әзіл-сықақшы Саша Барон Коэннің «Борат-2» фильміне бойкот жариялауға шақырған петиция бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Петицияны қазақ тектегі британдық әйел Лола Асқарова көтерді.

«Мен британдықпын, бірақ мен қазақпын. Біздің елге келгендер Қазақстанның әдемі ел екенін біледі, ал қазақтар өздерінің қонақжайлылығымен танымал. Мұнда 100-ден астам ұлт бейбіт өмір сүреді, ал тарихи тұрғыдан алғанда, Қазақстан соғыстан қашқандарға пана болған. Қазақтар өте білімді және бүкіл әлемде тұрады. Коэн мырза екі рет бай мәдени мұрамызды алдымен Боратта, енді Борат-2 киносында мазақ етті», - деді ол петицияны бастау себептері туралы.

Лола Асқарова 2006 жылы бірінші фильм шыққаннан кейін отбасы, достары мен әріптестерімен бірге халықтың мәдени құндылықтарының бұрмалануын жоққа шығаруға дәрменсіз болғанын айтады. Бірақ олар қазір қарап отыра алмайтынын атап өтті.

«Борат шыққаннан кейін көптеген қазақстандық эмоционалдық күйзелістерді бастан өткерді, қатты ренжіді. Көбіміз достарымызға бұның жалған және дұрыс емес екенін түсіндірдік. Amazon және Prime Video Боратты қолдай алмайды», - деді ол.

«Егер Коэн қытайлықтарды, қара нәсілділерді, америкалықтарды, еврейлерді немесе кез келген басқа «жоғары деңгейлі» ұлтты қорлайтын болса, бұл халықаралық наразылық туғызар еді және студиялар онымен жұмыс істеуден бас тартқандықтан шығынға батар еді. Біздің кішкентай ұлтымыз неге әділ ойнайды? Біздің жағдайымызда нәсілшілдік қолайлы ма?»- деп жазды Лола Асқарова петицияда.

Талқылау
Пікір
Ruslan
23 Қаз, 20 жыл - 03:05

Мен қазақ болып,мынандай бассыздыққа шыдайалмай отырмын, біздің мемлекет басшылары бұны қолға алмаса,түбі осы Бораттын кесірінен елімізді дамыған 50-елдің ортасынан көреміз деп айта алмаймын, мен өзімнің туған балама Борат ол комик актеор,ол ойнап жатыр,қазақ елі бауырмал болғасын деп айтып жатырмын, қазіргі балалардын түйсігі жоғары, баламда ренжеулі мен өскесін шетелге оқуға барсам,мені Бораттын бауырлары надан қалық дейдіме деп,ренжеп жылап қалды,қолымның қысқасы ұстасам Боратты ондырмай сабар едім.😢😢😢

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр