"Басқаға кетіп қалмасын деп, сен үшін боянады": Әлішер Қонысбаевтың су жаңа әні көпшіліктің ашуын туғызды
Жастар арасында танымал әнші, хит әндердің орындаушысы Әлішер Қонысбаевтың “Ол ару” атты әні желі қолданушыларының намысына тиді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/alisher_konysbaev/
Өнер иесі әйелді қолдау туралы жеке парақшасына жазба жариялады.
“Әр әйел бақытты болуға лайық! Нәзік жандылар әділетті қоғамда өмір сүрсін! Жүректен шыққан әнді стористарыңызға репост жасасаңыздар болғаны”, – деп жазды хитмен.
Алайда әншінің туындысы көпшілікке танылмай жатып, хейттің астында қалды. Көптің ашуын туғызған әннің сөздері еді.
“Сол жанның қадірін біл
Ол ару тек саған иіледі
Себебі тек сені сүйіп еді
Сен үшін сұлу болып боянады.
Ең ғажап көйлегін киінеді
Сен басқа біреуге бармасын деп
Басқаға ғашық болып қалмасын деп...”, – деген жолдары қыздар қауымына ұнамай қалған. “Әлішер, біз өзіміз үшін киініп, боянамыз. Басқаға кетіп қалмасын деп емес”, “Мына әнге қалай TikTok түсіруге болады?”, “Толық версиясы шықпай жатып, банға кетті”, “Әлішердің барлық музыкасы іш пыстырады. Қалай тыңдауға болады?!”, “Қыздардың бағасын мынадай әнмен түсіруге болмайды” “Қыздар, жарайсыздар! Көзі ашық, түсінігі мол”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.
@aiauzhan_amanova ♬ OL ARU - A L I S H E R KONYSBAEV