Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басыңды кесіп, үйіңді өртеймін": Қарағандылық келіншек Сымбат Құлжағарованың оқиғасынан кейін өз шындығын айтты

Сымбат Құлжағарованың өлімінен кейін 26 жастағы Қарағанды тұрғыны күйеуінен көрген қорлық жайлы айтуға бел буған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда ер адам өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырып, бір әйелді бірнеше рет зорлаған

Қарағандылық келіншек бүкіл Қазақстанды шулатқан сұлулық байқауының жеңімпазының көз жұмғаны туралы естімесе, күйеуінің озбырлығы жайлы айтпай қаларын жеткізді. 

"Барлығымыз ел не айтады деп үндемей қаламыз. Егер Сымбат Құлжағарованың жағдайын білмегенде, мен де үндемейтін едім. Мен бұдан кейін жасырған сырымды жария етпекпін. Соңғы бес жылда жұбайымның тарапынан қатыгездікті көріп келемін. Бірнеше рет кетіп қалып, балаларым үшін қайтып келдім. Алдағы күнімді қорқып сүруден шаршадым", - деп жазады келіншек. 

"Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалдым. Балалар шуласа да, таңертең оянса да аузына келгенді айтып, мені тоқпақтай жөнеледі. Әйелге қандай еркек қол көтереді? Жүкті кезімде де ұрды. Қылғындырып, тұншықтырды. Балалар ауырса, менен көреді. Далаға шығудан қалдым. Бұлай күйеуге тигенше, тимей-ақ қойғаным артық еді. Достарыммен кездестірмейді, үйден шығармайды. Соған қарай бағып-қағып жатса, бір жөн", - дейді ол.

Айтуынша, жолдасы балаларының көзінше де, ата-анасының көзінше де қол көтеруін қоймаған.

"Атам бөлмесінен шықпайды. Енем күйеуіме қосылып ұрады. Жүкті екеніме де қарамайды. Соның кесірінен балам аурушаң болып туды. Тұрмыс құрғалы бері 30 келі салмақ тастап, шашым түсе бастады. Ақыры кетіп тындым. Бірақ ол қорқытуын қоймайды. "Басыңды кесіп аламын, әкеңнің үйін өртеп кетемін" тағысы тағы бар. Анасы ести тұра, бір ауыз сөз айтпайды. Қазір мен кішкентай балаларымды көрмегелі бір айдан асып кетті. Сот арқылы тартып аламын десем, "сотқа дейін сені өлтіріп тынамын" деп жауап қайырады", - деп жазады Қарағанды тұрғыны.

Бұған қоса, ол күйеуінің бұрын сотталғанын айтып, заң саласында таныстары көп екенін жеткізді. Сымбат Құлжағарова секілді өлтіріп тынбаса болды деген ол балаларының, өзінің өмірі үшін алаңдайды. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр