Бас прокуратурада Шерзат Полаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын айтты
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Қойгелдиев тергеу барысы прокуратураның бақылауында екенін айтты.
"Күдіктілерге бірқатар айыптар тағылған, олар қамауда отыр. Айта кетері, Шерзаттың әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмады. Сонымен қатар үйін өртеп кетуге қатысты іс те тергеуде. Сараптамалар тағайындалды, жұмыс жүріп жатыр", – деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Сондай-ақ Шерзат Болаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кеткені туралы жазған едік.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"