Бас прокуратура ұсталғандарды азаптауға жол бермеу мақсатында арнайы бөлмелер дайындауды тапсырды
Бас прокуратура өткен жылдың қаңтарынан бері азаптау фактілерін тексеруді жалғастырып жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тергеуден бөлек прокуратура және басқа да органдар азаптауды болдырмау шараларын қолданады. Осыған сәйкес "Прокуратура органдарында азаптаулар туралы қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексерілуін ұйымдастыру туралы" бірлескен бұйрық әзірленіп, қолданысқа енгізілген.
Бұйрыққа сәйкес:
- Құқық қорғау органдарына азаматтар тек жеткілікті мәліметтер болған жағдайда ғана жеткізілуі тиіс
- Тергеушіден басқа, өкілеттігі жоқ тұлғалардың жеткізілген азаматтармен қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары бойынша қандай да бір сөйлесу, әңгімелесу және сұрақ қоюды жүргізуіге тыйым салынған
- Жеткізілген және ұсталған азаматтар шұғыл түрде тергеу әрекеттерін жүргізу үшін арнайы кабинеттерге жөнелтілуі қажет
- Алматы облысында сотталған әйелді зорлаған түрме қызметкеріне сот үкім шығарды
- Елімізде бірінші рет сотталғандар мен бірнеше қылмыс жасағандарды әртүрлі колонияда бөлек ұстау ұсынылды
- Арнайы кабинеттер стандарт бойынша бірінші қабатта, айқын қабырғалармен, бейнебақылау камераларымен жасақталуы тиіс
- Ұсталғаны туралы дереу оның туысқанына немесе тиісті тұлғаға хабарлануы тиіс, олардың байланыс мәліметтері хаттамада көрсетілуі қажет
- Азаматтарды ұстау, жеткізу және алып келу негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаптаулар мен басқа да қатаң, адамгершіліксіз немесе намысты таптауға жол бермеуге аумақтық құқық қорғау органдары басшыларының жеке жауаптылықтары бекітілген
- Айғақтарды жинау, жауап алу және қажетті сот сараптамаларын тағайындау бойынша кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азаптаулар жасалған орынға прокурордың дереу шығуы бойынша талаптар қойылған.
Прокуратура құқық қорғау органдарымен бірлескен бұйрықты іске асыру – азаматтардың құқықтарын қорғауды арттырады деп сенеді.