Бас прокуратура сайлау учаскелеріндегі беті жабылған камералар жайлы айтты
ҚР бас прокуратурасы сайлау учаскесіндегі камералардың бетін жауып тастағандар жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Нұр-Cұлтан қаласында орналасқан №122 сайлау учаскесінде бейнебақылаушы камераларының бетін жапсырып тастағаны белгілі болған еді.
Өз кезегінде, сайлау учаскесінің төрағасы Мұрат Бекеев камералардың бетін бизнес-орталықтың ішкі қауіпсіздік қызметкерлері жауып қойғанын айтқан.
"Орталық сайлау комиссиясының бұған қатысы жоқ", - деді ол.
Бас прокуратураның мәліметінше, бұл сайлауға қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жасалған.
"Сайлау учаскесінде камераларды жауып тастау фактісіне тоқталатын болсақ, бұл сайлаудың құпия түрде өтуіне байланысты орындалған шара. Камералардың назары сайлау кабинкаларына бұрылып тұрғандықтан, оларды жабуға тура келді", - деді ҚР бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар