Бас прокуратура кәсіпкер Әбдіғаппаровқа қатысты үкімді жоюды сұрады
Бас прокуратура белгілі бизнесмен Алмас Әбдіғаппаровтың ісіне қатысты Жоғарғы сотқа кассациялық наразалық туралы өтінім жолдады. Бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кассациялық шағымға қатысты бизнесменнің зайыбы Ольга Әбдіғаппарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Сіздердің А.Әбдіғаппаровқа қатысты сот актілерімен келіспеу туралы өтініштеріңіз қаралды. Қылмыстық іс материалдарындағы дәлелдер зерделеніп, 2023 жылғы 27 ақпанда Бас прокуратура Жоғарғы сотқа сот актілерінің күші жойылды деп тану туралы кассациялық наразылық құжатын енгізді", - делінген Бас прокуратураның жауабында.
Еске салайық, былтыр шілде айында Parmigiano Group компаниясының басшысы Алмас Әбдіғаппаров 7 жылға сотталды.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды