Бас прокуратура Дулат Ағәділдің асына қатысқандарды не себепті тұтқындағанын айтты?
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов белсенді Дулат Ағәділдің еске алуына қатысқандардың қамауға алынуы туралы хабарламаларға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
(Сурет авторы - Сания Тойкен)
"Оларға мемориалдық кешкі асқа қатысқаны үшін емес, нормаларды, митингілер, шерулерге қатысты ережелерді бұзғаны үшін айып тағылды. Сот үкімі шықты. Сот шешімін заңды түрде апелляцияға беруге болады", - деп жауап берді Ахметжанов.
Белсенді Дулат Ағәділдің «Нұр-Сұлтан» абақтысында қайтыс болғаны 25 ақпанда белгілі болды.
Полицияның хабарлауынша, оған қатысты сотқа құрмет көрсетпеу, судьяны және сот отырысына қатысушыларды қорлау түрінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ер адам түрмеге 24 ақпанда жеткізілді. Бір күннен кейін ол қайтыс болды.
Талқылау

Дженнифер Лопестен Real Madrid-ке дейін: Әлемдік жұлдыздардың келуі Қазақстанға қандай пайда әкелді
Желі қолданушысы: "Тез келіп үлгеріп қалыңдар. Кейін менсінбей кетуіміз мүмкін”

Қазақстандағы ең арзан қоғамдық көлік Ақтау мен Шымкент қалаларында болып шықты: Тұрғындар жолға қанша төлейді?
Талдықорғанда оқушылар мен студенттерге, сонымен қатар зейнеткерлерге жолақы тегін