Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешкімнің ала жібін аттамауды үйретті": Дулат Ағаділдің баласы әкесі туралы естеліктерімен бөлісті

Қайтыс болған белсенді Дулат Ағаділдің достары оның отбасына үй салып жатқаны туралы хабарлаған едік. Осы орайда Stan.kz тілшісі белсендінің үлкен ұлы Жанболат Ағаділмен байланысып, әкесі туралы естеліктерді сұрап білді.

Дулат

Кішкентайымнан ерке болдым, әкемнің қасында көп жүрдім деген Жанболат Ағаділ әкесі туралы естеліктер көп екенін айтады. Әкесінің жоқтығына әлі де сене алмай жүрген Жанболат орны бөлек жан еді деп есіне алды. 

"Әкемнің орны бөлек. Өте ақкөңіл, өз ісіне тиянақты адам болды. Алдына қойған мақсатына жете алатын ер еді. Әкем керек кезінде қатал да, балаша ойнай да алатын", - деген ол әкесі жиі айтатын қағидаттарын туралы айтты.  

"Ешкімнің ала жібін аттамауды, еліміздің абыройын биік ұстауды, анамды сыйлауды және үлкендерді құрметтеп, алға қойған мақсатқа жете білуге үйретті", - дейді Жанболат. Әкесінің намаз оқымаса да өте иманды кісі болғанын айтқан ұлы барлық мәселенің шешімі бірлікте деп үйреткенін де тілге тиек етті.     

"Әкем намаз оқымағанмен өте иманды кісі болды. Алладан басқа тәңір жоқ деп әрқашан айтып жүретін. Алладан істеген қателіктері үшін үнемі кешірім сұрап отыратын. Және күш-бірлікте деген ұранмен жүретін. Адамдар біріксе, барлық мәселені шешуге қауқарлы болады дейтін", - дейді Жанболат Ағаділ. 

Естеріңізге сала кетейік, қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің бір топ жақындары оның отбасы үшін үй көтеріп жатқанын жазған едік. Достары артында алты баласы қалған азаматтың үйі жартылай бітпей тұрғанын айтады. Дулаттың рухы разы болсын деп сауапты істі қолға алған олар еріктілерді асарға шақырады.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр