AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрінің ұсталғанын мәлімдеді: Мұрат Бектанов қандай жазаға тартылады

ҚР бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталғанын бас прокуратура растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы ("Биліктің әрекетсіздігі"), әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады", – делінген хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2022 жылғы 20 ақпанда Мұрат Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. 

Айта кетсек, 452-бап (Билiктiң әрекетсiздiгi, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы) бойынша 3 000 АЕК-ке (9 189 000 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Сондай-ақ бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде бұрынғы қорғаныс министрінің ұсталғаны туралы ақпарат таралған еді. 

Мұрат Бектанов 2021 жылдың тамызында 15 адамның өліміне әкеп соққан Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін отставкаға кеткен Нұрлан Ермекбаевтың орнына қорғаныс министрі қызметіне тағайындалған. 

Алайда биылғы қаңтар оқиғаларынан кейін ол қызметінен босатылған болатын. Мемлекет басшысы экс-министр Мұрат Бектанов қаңтар оқиғасы кезінде командирлік қабілетін көрсете алмағанын мәлімдеген. 

19 қаңтарда Қазақстан президенті қорғаныс министрі қызметіне Руслан Жақсылықовты тағайындады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр