Барселона Еурокубок ойындарынан шеттетілуі мүмкін
Испанияның техникалық төрешілер комитетінің бұрынғы вице-президенті Хосе Мария Энрикес Негрейраға ақша төлеуге қатысты сыбайлас жемқорлық дауы "Барселонаның" еуропалық жарыстардан бір маусымға шеттетілуіне әкеліп соғуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

El Confidencial басылымының мәліметтеріне сай ұйымның тәртіптік ережелері клубтарға ұлттық және халықаралық деңгейде матчтардың нәтижелеріне әсер етудің заңсыз әдістерін қолдануға тыйым салады. Мұндай жағдайда ережені бұзса, олар еуропалық жарыстарға қатысудан бір маусымға, өте ауыр әрекетке үш маусымға шеттетілуі мүмкін. Бұл мәселе бойынша шешім маусым айында қабылданады.
Барселона Негрейраға ақылы кеңес беру қызметтер көрсеткені үшін төлегенін айтады. Алайда кейбір айыптаушылар клуб бұрынғы төрешіге дұрыс төрешілік ету үшін пара бергенін жеткізуде.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

