"Барлықтарыңызға кеңес беремін": Асқар Мамин 18 мыңға Ақтөбе облысында күрте сатып алды
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Ақтөбе облысына сапары кезінде жергілікті өндірушіден күрте сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр сатып алған күртенің бағасы 18 500 теңге тұрады.
Асқар Мамин «Глобал Глобал арнайы киім» ЖШС-да болды. Аталған компания өңірдегі кәсіпкерліктерге киім тігумен айналысады. Киім цехын қарап шыққан үкімет басшысы өзіне қыстық күрте сатып алды. Кәсіпкерліктегілер бұл күртенің пішімі жетекшілерге арналып тігілгенін түсіндірді.
«Барлығына кеңес беремін!» - деген Мамин ақшаны банк картасымен төледі.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Асқар Мамин Шымкентке сапары кезінде туфли сатып алған болатын. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та отандық өндірушіден туфли сатып алғанын айтты.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін