Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барлығын бөліп төлеп алуға болады: Балаңызды мектепке Jusan-мен дайындап үлгеріңіз

Тамыз айында балаларды жаңа оқу жылына дайындау науқаны басталады. Дегенмен елімізде биыл азық-түліктен бөлек, кеңсе тауарлары бағасының өсуі ата-аналардың жағдайын қиындатып жіберді. Осы орайда Jusan Bank  қазақстандықтар үшін таптырмас мүмкіндік сыйлайды: енді оқушыға қажетті заттардың барлығын бір жерден бөліп төлеуге алып, онымен қоймай, бонус иеленуге болады.

Қоғамдық саясат институтының есебіне сәйкес, бір жыл ішінде кеңсе тауарларының бағасы 9,9%-ға қымбаттаған. 

Жаңа оқу жылына қажетті құралдардың ең минималды жиынтығының бағасы 13 885 теңгеге жетеді. Жиынтық 22 заттан тұрады, олардың ең қымбаты сөмке (6800 теңгеден бастап) болса, ең арзаны – бағасы 50 теңгеден басталатын ұштағыш көрінеді. 

Ал ұл балаларға арналған мектеп формасы мен спорттық костюмнің бағасы 69 980 теңгеге жетсе, қыздар үшін ата-аналарға 71 980 теңгеге шығындалуы қажет болады. 

Осылайша, институт мәліметінше, 2022 жылы оқушыны мектепке дайындау үшін шамамен 83 865 теңге қажет болады. 

Бұл – бір баланы жаңа оқу жылына дайындау үшін кететін шығын мөлшері. Егер отбасында мектеп жасындағы бірнеше жеткіншек болса, шығын көлемі сәйкесінше арта түседі. Ал бұл өз кезегінде ата-аналардың қаржылық жағдайына қосымша салмақ түсіретіні айтпаса да түсінікті. 

Мәселенің шешімін Jusan Bank ұсынады. Банктің Jusan қосымшасында 15-28 тамыз аралығында мектепке қажетті заттардың барлығын 2 жылға дейін бөліп төлеп алуға болады. Бұған қоса әрбір сатып алынған зат үшін сіз тиімді бонустарға ие боласыз. Ең ыңғайлысы, кеңсе тауарлары мен басқа да дүниелердің барлығын бір жерден үйге дейін тапсырыспен алу қарастырылған. 

"Акция кезінде сатып алуға болатын тауарлар тізімінен мектеп оқушыларына қажет заттардың барлығын дерлік табуға болады. Олардың арасында үстелдер, сөмкелер, ноутбуктер және кеңсе тауарлары тағысы тағы бар. Енді ата-аналар қаржылық жағынан еш қиналмастан балаларын мектепке дайындап қана қоймай, бонус иелене алады”, – дейді маркетинг департаменті директорының орынбасары Александр Дегтярев. 

Науқан аясында мектепке қажет тауарлардан бөлек, электроника мен басқа да қызмет түрлерін бөліп төлеп алуға болады. Тиімді ұсыныс балалардың да, ересектердің де көңілінен шығары анық. 

Жаз маусымы аяқталып, салқын күндердің келуіне байланысты иммунитетті қалыпта ұстау қажеттілігі туындайды. Бұл тұрғыда физикалық белсенділікті жоғалтпау маңызды. Егер көптен бері фитнес орталықтарға баруды жоспарлап жүрсеңіз, дәл қазір мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Себебі Jusan Дүкенде спорт абоненттері мен ойындар ақысын бөліп төлеп алуға болады. Одан бөлек қосымшада оқу курстары мен музыкалық аспаптар, самокаттар мен велосипедтерді де қолжетімді. 

Талқылау