"Барлығы сияқты емес": Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаянының үзінділері жарияланды (видео)
Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаянының үзінділері жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Команданың барлық мүшелері су болып қалды. Бірақ бұл лайықты жұмыс болды. Мен режиссер Алан Бадоевтың професионалдығына ерекше алғысымды жеткізгім келеді. Ол бейнебаянды барлығы сияқты емес, нағыз суреткер секілді түсіретін режиссер", - дейді Димаш Құдайберген.
Өнер иесінің жаңа туындысының үзінділерін көрген Игорь Крутой өзінің бейнебаян туралы ойын ортаға салды. Рессейлік композиторға әншінің клипі ұнап қалған сияқты.
"Жарайсың, Димаш! Жарайсың, Алан!", - деп жазды Игорь Крутой.
Туындының режиссері Алан Бажоев украиналық клипмейкерлердің бірі. Ол Димаш Құдайбергеннің "Любовь уставших лебедей" бейнебаянын түсіруге атсалысқан мамандардың бірі.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды