"Барыс" хоккей клубының бас директоры болуға үміткерлер тізімі жарияланды
"Барыс" хоккей клубының бас директорлығына бірнеше үміткердің есімі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ГоловойОбЛед Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Дереккөздің айтуынша, бұл кандидаттар қазір клубтың кулуарларында қызу талқыланып жатыр. Алайда, соңғы шешім жоғары деңгейдегі басшылық тарапынан қабылданады.
Ендеше бас директор лауазымына есімдері аталған үміткерлер:
-
Диас Маржықпаев – былтыр Астана қаласындағы №10 СДЮСШ-нің директоры қызметіне тағайындалған.
-
Руслан Есеналин – 2023 жылдың соңында ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болған. Бұған дейін ол ХК "Құлагер" клубын басқарған тәжірибесі бар.
-
Вячеслав Борисов – Астанадағы жекеменшік хоккей мектептері желісінің негізін қалаушы.
-
Талғат Китаров – ұзақ жылдар бойы ХК "Астана" және жергілікті балалар-жасөспірімдер спорт мектебін басқарған.
Бұған дейін “Барыс” хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаевтың қызметінен кеткенін хабарлаған едік.