Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәріне кінәлі күйеуі деп ойлаймыз": Алматыда үш баласымен 9-қабаттан секірген әйелдің туыстары пікір білдірді

Алматыда үш баласымен терезеден секіріп өлген әйелдің ата-анасы қыздары сен оның күйеуі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап. 

Әйелдің ата-анасы Шымкентке Өзбекстаннан 2000-жылдардың басында көшіп келген көрінеді. 

“Екі жыл бұрын медицина академиясын тәмамдады. Мамандығы бойынша – терапевт-дәрігер. Ол тұрмысқа осыдан жеті жыл бұрын шыққан. Алматыда пәтер жалдап тұратын”, – дейді марқұмның туыстары. 

Жеті жылда ол үш баланы дүниеге әкелген. Алайда соңғы кезде олардың арасында кикілжің пайда болыпты. Әйелдің туыстары күйеу баласы туралы жақсы пікірде емес. 

"Біз мұның бәріне кінәлі күйеуі деп ойлаймыз. Мұндай қадамға жетіскеннен барған жоқ қой. Оның күйеуі жұмыссыз. Күйеуіне әпкелері көмектесетін. Біз қызымыз мұндай қадамға әлеуметтік мәселе үшін барды деп ойламаймыз. Ол моральдік тұрғыдан әбден шаршаған сияқты. Ағалары мен әкесі мәйіттерді алып келу үшін қалаға кетті", - дейді туыстары.

Әйел мен балалардың жаназасы 24 қарашада шығарылады.

Басылымның мәліметінше, бірнеше жыл бұрын әйелдің сот орындаушылармен проблемасы болған. Борышкерлердің бірыңғай реестріндегі мәліметке сәйкес, оған шетелге шығуға тыйым салынған. Сондағы қарыз мөлшері - 67 238 теңге. Бұл ақшаны ол онлайн-несие ретінде микроқаржылық ұйымдардан алған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы шағын аудандарының бірінде әйелдің үш баласымен 9 қабаттан секіріп кеткені туралы хабарлаған едік. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылғы балаларымен бірге көз жұмды. Сондай-ақ марқұмның күйеуі Нұрсұлтан Оразов отбасындағы жағдай туралы айтып берді. 

"Біз бақытты өмір сүрдік. Бірақ жұмыссыз болатынбыз. Әйелім үйде балалармен отыратын. Өзім базарда қолыма түскен жұмысты істедім. Қазір еш жерде жұмыс істемеймін. Оқиға орын алған кезде үйде болмадым. Әйелім ештеңе айтқан жоқ. Алты жылдан бері Алматыда тұрамыз. Отбасымызда бәрі жақсы болатын", - деді Оразов. 

Талқылау