Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрін ішіне сақтағаннан пайда болған": Жазира Байырбекова анасының дертіне қатысты құпияны ашты

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Жазира Байырбекова анасы туралы жазба жариялап, дерті жайлы сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Өнер иесінің анасы қазір айтып, көрген дүниені ұмытып қала беретін кеселге шалдыққан. 

“Ләззат әпкем екеуміз мамама келгенбіз. Ол қазір Сабира әпкемнің үйінде. Менің мамамның бір жақсы қасиеті – үнемі аузынан тек жақсы сөз шығады. Ешбір адамға ауыр сөз айтып көрмеген. Бәрін ішінде сақтай берген. Сол себепті де осындай диагноз қойылды-ау. Бірақ енді Алланың алдында адал болса, кішіпейіл болса, таза болса, ең ұтымдысы сол шығар деп ойлаймын. Мамам келіп амандасқан адамдардың бәрін бетінен сүйгісі келіп тұрады", – деді өнер иесі.



Әңгіме барысында әнші әкесі мен анасының қалай танысқан сәтін де айтып берді. 

"Мамам Алматы қаласының қызы. Руы – албан. Қалада туып-өскен. Папаммен танысқан кезде мамам қазақшаны, ал папам орысшаны дұрыс білмейтін болған. Екеуінің арасында тілсіз махаббат орнаған. "Жамбылданмын, жүр, саған туған жерімді көрсетіп қайтайын" деп ұсыныс білдірген. Мамам Жамбыл облысы шығар деп ілескен. Сөйтсе папам бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Жамбыл колхозына апарып, үйіне келін етіп түсірген", – деп ата-анасының үйленген кезін есіне алды өнер иесі. 
Еске салайық, өнер иесі тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес айтып, жақсы жар жолықтыруын тілеген еді. 

Талқылау