"Бәрі өлтірілгенін қалаймын": Ақтөбеде бала өлімінен кейін шұғыл түрде қаңғыбас иттерді аулау қолға алынбақ
Ақтөбеде бала өлімінен кейін ата-аналар наразылық білдіріп, үйсіз жануарлардың мәселесін шешуді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” сілтеме жасап.
Фото: Диапазон
Бүгін ЭКСПО ғимаратында Есет батыр тұрғын алабының тұрғындарымен қала әкімінің орынбасары Сергей Ли, облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов және жергілікті полиция қызметінің басшысы Ардан Саймағамбетовпен кездесуі өтті.
"Үш балам бар. Қазір балаларым үйде. №78 гимназия маңыздағы вагонда 15-16 ит бар", – дейді тұрғындардың бірі Айнұр.
Халық қаңғыбас жануарлар мәселесін қазірден бастап қолға алу керектігіне сенімді.
"20 мамырда баламызды ит қатты тістеп алды, қолымыздан келген жердің бәрін жаздық. Бірақ бізге 2022 жылдың наурыз айында заң шығып, олар ештеңе істей алмайтынын айтты", - дейді Айсұлу Дәрішева.
"Иттер әлі сонда. 9 маусымда біздің Мадияр өмірден өтті. Мен Сенат депутаттарынан заңды өзгертуді сұраймын. Үйіміздің маңында 100-ден астам қаңғыбас ит бар. Мен олардың барлығының өлтірілгенін, залалсызданлырылғанын қалаймын! Оқу орталығым бар, балалармен жұмыс жасаймын. Бірнеше рет иттер балаларды қуалаған жағдайлар орын алған. Заңды өзгертулеріңізді сұраймын!" - дейді ол.
Тұрғындармен және билік өкілдерімен кездесуді белсенді Индира Тасмұрзаева ұйымдастырды. Ол топ құру үшін адамдардың телефон нөмірлерін жинаған. Оның көмегімен тұрғындар иттердің қайда екенін бір-біріне хабарлай алады.
- Қаза болған оқушы оқыған мектеп директоры: Баланың өмірі маңызды ма әлде ит пе
- Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қаңғыбас иттердің шабуылынан көз жұмған баланың өліміне өзін кінәлі сезінетінін айтты
"Көктемде бір қызды қатты тістеп алды. Сол кезде шара қолданылады деп ойладым. Кеше түнде марқұм баламен болған қайғылы оқиға туралы естідім. Бала түнгі 12-лер шамасында табылған. Бұл өте ауыр қайғы, ол әлі бала еді ғой", - дейді белсенділер.
Жиын соңында тұрғындардың талабы бойынша адам өміріне қауіп төндірген қаңғыбас иттердің көзі жойылатын болып шешім шығарылды.
"Ветеринария маманы шақыртылды, олар иттерді арнайы оқпен ататын болады. Таңертең атпаймыз деп ойлаған едік, бірақ халық талап етіп отыр. Сонымен қатар, біз мұнда қосымша полиция бекетін орналастырамыз", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ардан Саймағамбетов.
Қазақстанда 2 наурыздан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді.