Бәрі қаза тапты: Бразилияда футболшылар мінген ұшақ құлады
Бразилияның Токантис штатында жеңіл ұшақ апатқа ұшырады. Оның бортында "Пальмас" клубының төрт футболшысы, команда президенті және ұшқыш болған, бәрі қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Апат жексенбі күні таңертең команда мүшелері Гояниядағы Вила-Нова командасымен матчқа бара жатқанда болған. Ұшақ жерге құлап, қираған.
"Клуб президенті Лукас Мейра ұшқыш Вагнермен және спортшылар Лукас Пракседешпен, Гильерме Ноэмен, Ранулемен және Маркуш Молинаримен бірге болған ұшақ Токантинс авиация қауымдастығының ұшу-қону жолағында құлады. Өкінішке қарай, тірі қалғандар жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген клубтың хабарламасында.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады
Блогер: "2021 жылы 3 ай 21 күнге, 2023 жылы 2 айға, 2024 жылы 1 жыл 6 айға қамалдым"
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген