"Босқа күнә арқаламаңыздар": “Декретке миллионмен” курсын өткізген депутат Дәулет Мұқаев мәлімдеме жасады
Қазақстанда табыстарын жалған көбейтіп, мемлекеттен жоғары жәрдемақы алғандарды тексеру барысында “Декретке миллионмен” курсын өткізген депутат Дәулет Мұқаев сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/daulet_mukayev
Бұған дейін еңбекті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі табысын жасанды түрде көбейтіп, жоғары мөлшерде декреттік төлем алған 113 әйелге қатысты тергеу басталғанын хабарлаған еді. Осы тұста желі қолданушылары депутат Дәулет Мұқаевты сынға алды. Себебі Дәулет Мұқаев депутат болып сайланғанға дейін әйелдерге “Декретке миллионмен” атты курс өткізіп, мемлекеттен көбірек жәрдемақы алудың жолдарын үйреткен.
Қазақстандықтар көбірек жәрдемақы алу үшін Алматы мен Астанаға көшуде – экономика министрі
Депутаттың өзі желідегі парақшасында оқырмандарының сынана жауап берді.
“2023 жылға дейін "Декретке миллионмен" сабағымда бар нәрсені түсіндіргеніме кейбір адамдардан ғайбат естудемін! Олар 100 пайыз менің сабағыма қатыспағандар! Сондықтан, мені босқа қаралап, күнә арқаламаңыздар. Мен egov.kz сайтындағы мәліметті қарапайым тілмен түсіндірген адаммын. Тіпті бұл сайтта, 1 млн емес, заңды табысқа сай 2,5 млн туғанға дейін алатын формуланы көрсеткен. Ал мен сабақтарымда осыны қарапайым тілмен түсіндіргенмін. 2 сағаттық видеомда бір емес, 7 рет “өтірік ИП (жеке кәсіпкер) ашпаңыздар” деп ескерткенмін”, – дейді депутат өз жазбасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жоғары декреттік төлемдерді әділетсіз алған 113 әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік.