Балқашта 8 жастағы бала терезе торына басын тығып, кері шыға алмай қалған
Балқашта төтенше жағдайлар қызметкерлері терезе торына басы қысылып қалған сегіз жасар баланы құтқаруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Құтқарушылар 17 маусымда Қазбекова көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріне шақырылды. 2014 жылы туған баланың терезедегі темір тордың арасына басы қысылып, кептеліп қалған.
Ата-анасы балаға өз бетімен көмектесе алмады. Өрт сөндіруші-құтқарушылар баланың басын босату үшін гидравликалық жақ қайшымен металл торды кесуге мәжбүр болды.
Балаға медициналық көмек қажет болмады.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты