Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқаш тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген

Балқаш қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген. Бұл жайында Ішкі істер министрлігі өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

малолетка

"Қарағанды облысында Балқаш қаласының 22 жасар тұрғыны ұсталды, ол үш апта бойы алдау және тәуелді лауазымды пайдалану арқылы кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысып, клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін бопсалап келген. Аталған дерек бойынша "Кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов өткен брифингте.

Оның айтуынша, Атырау облысында жезөкшелікпен айналысуға қатысты тағы бір фактінің жолы кесілген.



"Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны алдау мен қорқыту арқылы Түркістан облысының 22 жастағы тұрғынын төрт ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені анықталды. Күдікті оның деректерін интернет-ресурстарға интимдік қызмет көрсету туралы хабарландырумен орналастырған. Аталған факті бойынша 1-бөлімнің 308-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп қосты Нұрмағамбетов.

Талқылау