Балықшы киттің ағзасын тауып алып, миллионер атанған
Тайваньдағы Ланьюй аралының тұрғыны жағажайдан киттің қатып қалған төрт келі болатын құсығын (амбра) - тауып, миллионер атанған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның мәліметінше, наурыз айында Ли (Li) есімді ер адам жағажайда балық аулап, тәтті иіс шығарып тұрған қара тасты байқайды. Оның досы табылған затты Гаосюн ұлттық университетіне тапсыруға кеңес берген.
Биология ғылымдарының доценті Ченг Ши-Ие 7 қазанда бұл сұр амбра өте сирек кездесетін және құнды олжа екенін растады. Ол кашалоттың ас қорыту жолында пайда болады. Оны көбінесе " кашалоттың құсығы" немесе "құбылмалы алтын" деп атайды.
Амбра - балауыз тәрізді зат, кашалоттардың асқорыту жүйесінде пайда болады, ол парфюмерия өндірісінде қолданылады. Басылым олжаның нарықтық құны алты миллион жаңа тайвань долларына (89,5 миллион теңге) бағаланатынын атап өтті. Ли тасты сатқысы келетінін және ақшаны отбасылық шығындарға жұмсайтынын айтты.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда