"Балыққа емес, бетіне қарадық": Роза Рымбаева жарнама жасаймын деп сынға қалды
Фото: Видеодан скриншот
ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваның бет-әлпетінің өзгеріп кеткені желіде қызу талқыға ұласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі видеода ешқандай бояусыз балыққа жарнама жасап, асүйде жүргенін көруге болады.
“Балық жегіміз келеді. Бүгін қызыл балыққа тапсырыс бердік. Осыған дейін қуырдақ жеп едік. Бүгін балық жейміз. Отбасылық кешкі асқа, қонақ келгенде балыққа тапсырыс береміз”, – дейді халық әртісі.
Алайда, көпшіліктің назары жарнамаға емес, әншінің бет-бейнесіне түскен. Желі қолданушыларының айтуынша, өнер жұлдызы ота жасатқаннан кейін қатты өзгеріп кеткен, "тіпті танымай қалдық" дегендер де бар.
“Балыққа емес, бетіне қарадық”, “Табиғи сұлулығын құртыпты”, “Ботокстан бетін тани алмай қалдық”, “Жасанды әсер беріп тұр”, “Өмір бойы сүйікті әншіміз болып келген соң мұндай түріне үйрену қиын” деген сынды пікірлер жазылды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"