Балық аулауға барған: Ақмола облысында үш ер адам қар құрсауында қалып қойған
Ақмола облысында үш балықшы құтқарылды. Ер адамдар ауылдан 50 шақырым жерде балық аулауға барып, шыға алмай қалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қар көп жаууына қарамастан, үш дос балық аулауға шықты. Өзен маңына жеткенде, көлік күтпеген жерден қар құрсауында қалып қойды. Ер адамдар бір күнге жуық шыға алмаған. Онымен қоса, бензин таусылып, аяз күшейе түсті. Құтқарылуды күтетін жер жоқ сияқты көрінді, кенеттен полиция қызметкері кездейсоқ алыстан көрінді.
“Өркендеу ауылындағы жол бойындағы шаруа қожалықтарын, серіктестіктер мен шалғай учаскелерді тексеру барысында алыстан қолдарын бұлғап, көмекке шақырған адамдарды байқап қалды. Шолақ өзеніне барған тәртіп сақшылары Қорғалжын ауылының үш тұрғынын тапты”, – деді Ақмола облысы ПД ресми өкілі Әсем Әбдікәрімова.
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"
Түркістандық шаруалар әлі су тапшылығын көріп отыр: Шенділердің қабылдаған шаралары неге нәтиже бермеді?
Келес ауданындағы Ескіқорған ауылында су тапшылығы жылдан-жылға ушығып барады