Балғынбек Имашев: Шырын мен Байзақоваларға сілекейі шұбырып, “қолымызға бір түссең” деп нәпсісі қозып отырған кімдер

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзінен көмек сұрайтын қыз-келіншектердің көбейіп кеткенін айтты. Оған күйеулері мен намысыз жігіттерді кінәлады. Бүгінгі төсін жалаңаштаған қыздардың әрекеті де елге сын деген пікір айтты.

“Соңғы күндері жекеме шығып арыз айтушылар көбейіп кетті. Осы біз кім болып барамыз? Ар ұяттан безген ару қыздарымыз анау, мүшеқап таратқыш министрлігіміз мынауКім кінәліӘрине, Біз өзіміз! Еркектер кінәліміз. Баласын әжетханаға, қоқысқа, көшеге тастаған қыздарды сөгеміз, ал оның аяғын ауыр қылған жігіттерді ше? Арақ ішкен, шылым шеккен, жалаңаштанған, боқтап сөйлейтін, ұлтын қорлайтын, арын сататын қыздың бәрі жетім бе? Ата қайда, әке қайда, аға мен іні, нағашы мен жиен қайда? Неге қамқор болмайды? Неге тыйым салмайды? Жетім болса туысы қайда, тірі жетім болса әкесі неге тастайды? Маған көп әйелдер көмек сұрап хабарласады. Күйеуіңіз қайда десем, тастап кеткен дейді. Үш, төрт, бес, алты баласымен тастап кеткен, мүгедек баласымен тастап кеткен, кілең қыз тудың деп тастап кеткен, ещё кредит алғызып тастап кеткен күйеулер бар екен. Өзіміздің қазақтың жігіттері! Жігіт деуге бола ма ондайларды?”, – деп жазды айтыскер желіде.

Балғынбек Имашев желіге төсі жалаңаштап шығып, ел атына кір келтіргендердің әрекеті жайлы айтты. Жігіттердің намыссыздығынан қыздардың арсыздыққа баратынын тілге тиек етті.

“Неге осыншалық рухани құлдырадық? Айжан қайдан шықты? Шырын қайдан шықты? Қазақтың қыздары ғой, өз қарындастарымыз, өз қыздарымыз емес пе? Ия, намысты боп көрініп, ұятсыз, оңбаған деп қарғапсілеу, пікір жазу оңай. Ал соны тамашалап, парақшасына жазылып, лайк басып, сілекейі шұбырыпқолымызға бір түссеңдеп нәпсісі қозып отырған кімдер екен? Өзіміздің отандастар ғой! 100 мыңнан астам адам жазылып алса, олар кінәлі емес пе? Сұраныс солардан ғойЕсі дұрыс, есті еркектер болса әуелі өзімізді тиялық, сосын көзімізді тиялық, сосын өзгені жерден ап, жерге салған сөзімізді тиялық. Сосын әпкеқарындас, әйелдерімізді, қыздарымызды, әрбір қаракөздерімізді қызғанып, қорғайық. Сыртынан дұға жасайық! Еркегі намысты елдің, әйелі арсыздық жасамайдыОян, ҚазақОйлан, Қазақ!”, – дейді ол.

Күні кеше жылап тұрып әрекетін өкінгенін айтқан Шырын Нарчаева желіге тағы бір видео жүктеп, ерсі қылық көрсетті. Ол ешкімнен кешірім сұрамайтынын айтып, ортанғы саусағын шошайтты. Желі қолданушылары, оның ішінде әншілер мен журналистер бойжеткенді жазалау керектігін айтып жатты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр