Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 апта жатырында шетінеп кеткен баланы көтеріп жүрген: Семейлік әйел сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды

Семейде гинекологтың кесірінен баласының жүрегі жатырында тоқтап қалған әйел шағымдануда. Жүктілік кезінде ауырған ана бірнеше рет дәрігеріне барған. Алайда маман мәселеге селқос қараған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алғашқы баласынан кейін 5 жылдан кейін жүкті болған Камила Оспанованың қуанышы ұзаққа созылмаған. Денсаулығы сыр берген соң, гинеколог дәрігерге бірнеше рет шағымданып барған.   

"Ішімнің төменгі жағы қатты ауырды. Белімнің айналасы да тыным бермеді. Мен гинекологқа бір емес, бірнеше рет барып айттым. Бірақ ол кісі селқос қарап, алаңдамай жүре бер, бала қозғалады, жүрегі соғып тұр деп қайтарып жібере берді. Дәрігер айтқанына сеніп жүре бердім", - дейді әйел.

Камила бала көтергеннен бері бір рет қана қабылдауға барған. Содан кейін дәрігер саған бала керек емес деп жекіген. Ақыры денсауық сақтау департаментіне шағым айтып, гинеколог бұл кісіні қайта қарай бастаған. Бірақ көп ұзамай суық хабар естіген.

"Гинекологта болған соң, 3 күннен кейін жоспар бойынша УЗИ-ге бардым. Маған ол жерде балаңыздың жүрегі тоқтап қалған деді. Бұл кеше-бүгін емес, 3 апта бұрын болған. Қалай жүрсіз? Бала ішімде іріп бара жатқанын жеткізді. Қайта гинекологыма барып едім, күліп қарсы алды да саспа, әлі жассың тағы бала тауып аласың деп арқамнан қақты. Одан кейін операция жасап баланы алып тастады. Ол дәрігер әлі жұмыс істеп жүр. Шара қолдансын деп талап етемін! Тіпті, бір ауыз кешірім сұрауға жарамады!", - дейді Камила Оспанова.


700 мың теңге төлеген: Алматылық келіншек жеке емханада босанамын деп өлім аузынан қалды 


Бұл жақта әйелдің өзі түрлі мамандарға берген жолдамалармен барып тексерілмегенін алға тартады. Баланың жүрегі содан тоқтауы мүмкін деген дейді олар.  

"Бірнеше рет гинеколог маған бәрі жақсы деп қайтарды дегені жайлы біздің гинеколог Хаида Рашидовна өзінің түсініктемесінде жазбапты. Оны біз қосымша қарастырамыз. Шағынданушы әйелмен әңгіме өткізіп, қосымша зерттеп. Егер ол кісінің гинекологтың ісінде қандай да бір кінәрат болса, ол кісі тиісті жазасын алады", - дейді Семей қаласының №6 аралас типтес емхананың бас дәрігері Ақтолқын Каметова.  

Операциядан кейін ес жиған Камила Оспанова гинеколог дәрігерге қатысты бір шара қолданылсын деп талап етеді. 

Талқылау