Баланы жалаңаш жүруге мәжбүрлеген: Павлодардағы балабақшаның тәрбиешісі мен күтушісі жазаланды
Павлодардағы жекеменшік балабақшада баланы жалаңаш жүруге мәжбүрлеген тәрбиеші мен күтуші жазаланды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Күтуші қыз жұмыстан босатылды, ал тәрбиешіні жүкті болғаны үшін жұмыстан шығара алмадық. Оған кеше қатаң сөгіс жарияланды. Ал бүгін таңертең, 8 ақпанда ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды", - деді Zerek Bala балабақшасы қарайтын "Заман Альянс" ЖШС директорының орынбасары Қанат Қаймулдин.
Еске салсақ, осыған дейін Павлодарда әйел жеке балабақшаның тәрбиешісі мен күтушісінің әрекетіне шағымданды. Әйелдің екі жасқа толмаған баласын балабақша қызметкерлері салқын бөлмеде 42 минутқа қалдырған, сол уақытта өздері түскі асқа кеткен. Баланың үстінде киімі де болмаған.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”